Теннис жобасы

«Babby Tennis» жобасы

Мақсаты:

Баланы жан-жақты дамыта отыра, үлкен тенниске бейімдеу. Өмірде және кез-келген спорт түрінде пайдалы дағдыларды дамытудан басқа, халықаралық аренада елдің намысын қорғайтын кәсіби спортшыларды даярлауға негіз қалайтын дағдыларды қалыптастыру. Балада дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілігін ояту.

 

Міндеттері:

  1. Балаларды теннис ойынының қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
  2. Медициналық қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат беру.
  3. Балаларды теннис ойынына баулу.
  4. Балаларды теннис ойынының әдіс-тәсілдеріне машықтау.
  5. Теннис ойыны жарысы алдындағы жаттығулар туралы ақпарат беру.
  6. Теннис ойыны техникасы мен тактикасын меңгерту.
  7. Теннис ойыны жарысын ұйымдастыру.
  8. Балаларды әр түрлі денгейдегі теннис ойынынан жарыстарға дайындау және т.б..

 

 

Өзектілігі:

Дені сау ұлт-дені сау мемлекет. Біздің мемлекетімізге дені сау азаматтар қажет, сондықтан балалардың назарын салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігіне аудару және балаларды өз денсаулығына қамқорлық жасауға үйрету маңызды. Адамның дені сау болу үшін ол спортпен шұғылдану керек. Соның ішінде теннис ойыны.  Бұл жобаның мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға. Соның ішінде тенис ойынын басқа спорт түрлерінен ерекшелігін білуге шақыру.  

 

 Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды. Ойын – балалар мен ересектердің  өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады. Тенис ойыны қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің бірі. Тенис ойыны үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты.