Инклюзивті білім

Ата-аналарға психологтың кеңесі

Ахметова Айгерім Станбековна

Педагог-психолог

Психолог мамандардың бұл кеңесі бақытты, ақылды және өзіне сенімді баланы өсіруге және барлық ата-аналардың мәселелерін шешуге көмектеседі деп сенеміз.

  • Әрбір педагог  ата-ана бола алмайды, бірақ, әрбір ата-ана  педагог болуы керек.
  • Балаларыңызды бос жібермеңіз, қадағалаңыз. Егер, біз оларға назар аударатын уақыт тапсақ, балалар бізге өз қажеттіліктері мен қызығушылықтары туралы көп нәрсе айтып бере алады.
  • Баланың мінез-құлқы үшін ұялмаңыз, әйтпесе, ол адамдардан қашқақтай бастайды.
  • Өмірдің алғашқы жылдарында музыканы тыңдау бала үшін маңызды және дамуға ынталандырады. Туғаннан сөйлесіп, ән айтыңыз. Ән мен бесік балалық шақтың керемет кезіне айналады. Баланың бөлмесінде ойнайтын музыканың дыбыстары мен ырғағы музыкалық білімнің негізін қалыптастырады.
  • Құрметпен және қолдаумен тәрбиеленіп жатқан балалар үнемі бәрінен қорғашталатын балаларға қарағанда эмоционалды түрде тұрақты.
  • Балалар ересек әлемнің бір бөлігі болуды армандайды. Еңбек оларға ойын сияқты ұнайды.
  • Балалар ерте жастан бастап көптеген нәрселерді өз бетінше орындағысы келеді.  Балаға бірдеңе істей білуге көмектесе отырып, сіз оған өз күштеріне сенім бересіз.
  • Егер баланы әр заттың өз орны бар екеніне үйретсе, бала бойында тиянақтылық пен жинақылық қалыптасады.
  • Егер бала ойыншықты сындырса, оны тастамаңыз, оны түзетуге тырысыңыз және ол арқылы қызықты ойындар ойлап табыңыз. Яғни құндылықтарды түсіндіре біліңіз. Бірақ ойыншық қауіпті болса, пайдаланбаған жөн.
  • Баланы өз ойыншықтарымен және заттарымен ұқыпты қарауға үйретіңіз. Баланың бір затты сындырса, ол затты қалай дұрыс пайдалану керек екендігін көрсетіңіз.

Особенности работы логопеда в детском саду.

Турарова Мария Павловна

Логопед-специалист

В современных дошкольных учреждениях с детьми работают не только воспитатели, но и различные педагоги. Одним из специалистов является логопед. Часто родители считают, что логопед работает только с детьми, которые произносят неправильно звуки. Но это лишь один из аспектов логопедического воздействия. Главная цель коррекционной работы проводимой логопедами является развитие речи ребенка в целом, а именно: развитие артикуляционной моторики, развитие физического и речевого слуха, накопление и активизация словарного запаса, работа над грамматическим строем речи, обучение навыкам словообразования и словоизменения, развитие связной речи, формирование навыков звукобуквенного анализа, и, конечно, коррекция произношения.

Существует два вида логопедических занятий: фронтальные (с группой детей) и индивидуальные. Оптимальное количество детей на фронтальном занятии — 5-6 человек, дети одного возраста и с одинаковым типом нарушения, поскольку логопедическая работа строится с учетом дефекта и возраста ребенка.

Различают три основных вида нарушений речи у дошкольников: нарушение произношения отдельных звуков, или дислалия, — легкий вид, ФФН — фонетико-фонематические нарушения (нарушены произношение и речевой слух), ОНР — общее недоразвитие речи (нарушена вся речевая система: произношение, фонематический слух, слоговая структура, грамматика, связная речь). Общее недоразвитие речи имеет четыре уровня — от молчания и речи на уровне годовалого ребенка до проявления элементов ОНР (нарушения фонематического слуха и слоговой структуры речи).

Правильное развитие речи ребенка во многом зависит от внимания и заботы семьи. Дислалия, ФФН или ОНР - со всеми этими расстройствами можно справиться полностью или добиться значительного улучшения состояния речи, но для этого необходимо помогать ребенку настойчиво, с любовью и двигаться по направлению к успеху!

Ерекше балалармен түзету-дамыту жұмысының маңызы.

Тастанбекова Роза Нурлыбековна

Педагог-психолог

Психологиялық түзету-дамытудың негізгі сипаттамасы.
         Ерекше балалардың дамуындағы психикалық процестердің, қасиеттердің пайда болу, даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін, қарым-қатынасын игеру үшін жалпы және жас ерекшелік психологиясы, жас ерекшелік педагогикасы, жас ерекшелік физиологиясы, дифференциалды және практикалық диагностика түзету дамыту  арқылы жүзеге асады.
         Әр бала жеке тұлға. Біреулер тез дамыса, енді біреулері ақырын дамиды. Әр баланың дамуына байланысты түзету-дамыту  жұмыстарын жобалап, таңдап өткізген өте тиімді.
         Педагог пен психологтың біріккен іс-әрекеті, баланың психологиялық ерекшеліктерін түсіну негізінде, балаға деген жеке ықпал жасауын қамтиды, дер уақытында баланың психикалық дамуындағы және тәртібіндегі бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді және оған қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің берілуін қамтиды. Психологиялық-педагогикалық түзету-дамыту  – бұл балалармен  жұмыстағы, тәртібіндегі, басқа адамдармен-балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі мүмкіндіктерін жоғарлатуға,  анықтауға бағытталған психолог пен педагогтардың біріккен іс-әрекеті.
         Дамуында артта қалудың екі негізгі түрін ажыратады: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстарымен байланысты және арнайы клиникалық-психологиялық немесе медициналық көмек пен зейінді талап ететін артта қалушылық, және психикалық дамуында уақытша артта қалушылық, дені сау балалардың дамуының жағымсыз сыртқы және ішкі жағдайларымен байланысты қалыптан тыс тәртібі.

Логопедиялық түзете-дамыту жұмысының бала өмірінде маңызы.Баланың сөйлеу тілінің дамуы

Махитова Гульмира Султанбековна

Логопед-мұғалімі

Қазақстанда қазіргі уақытта сөйлеу тілі дамуының ауытқуы бар балаларға уақытылы мамандарылған көмек алуға мүмкіндік беретін логопедиялық қызметтің тұрақты жүйесі қалыптасқан. Қазіргі уақытта баланың дұрыс дамуына логопедиялық түзету жұмысының маңызы зор. Кейбір ата-аналар баланың тілі өз бетімен шығып дамиды деп ойлайды. Баланың тіл дамуы төңірегіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудан шығады, әсіресе ата-анасымен тілдік қарым-қатынас тығыз болу керек. «Менің баламды дұрыс сөйлетіңізші!» деп көп ата-аналар логопедке өз жұмыстарын, өз жауапкершіліктерін сырғыта салғысы келеді. Ал логопед маманы сиқыршы болар ма еді, тез арада баланың дұрыс сөйлеуін түзетіп, сөздік қорын толтырып, грамматикалық түрде дұрыс айтқызып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіріп, ата-анасына керемет жан-жақты білгір баланы шығарып бере алмайды ғой. Сондықтан, дұрыс сөйлеу процессі жеңіл болатын  нәрсе емес. Сол себепті баланың таным қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуына қоғамның маңызы зор.

Туғаннан бастап бала естіген дыбыстарды ажырата бастайды, ең бірінші өз анасының дауысын таниды. Айғаймен, жылаумен өз жағдайын (қарны ашқанын, ауырғанын, т.б.) түсіндіреді.

3 айында гуілдеп сөйлей бастайды. 3 айдан 6 айға дейін кейбір дыбыстарды қайталайды, күледі, шыңғырады, ауызымен қимылдар жасайды. 6-дан -9 айға дейін «ммм», «ссс», ма, ба, ла дыбыстарымен буындарын айтады. 9-12 айға дейін екі буынды қосып бастайды: ма-ма, па-па, да-да. 6 айында өз атын біледі, 8-10 айында – айтқанды түсіне бастайды, 9-12 айында таныс заттарды таниды.

Бір жасында бала барлығын қолымен көрсетіп түсіндіреді, біртіндеп тілі дамыған сайын қолымен көрсетуді қояды.

Бала сөйлегеннен гөрі, түсінгені көп. Екі жасынан бастап бала айына 20 шақты жаңа сөзді түсінсе, оның тоғызын ғана айтады.

Бала алғашында бір немесе бірдей екі буыннан тұратын сөздерді айта бастайды (ав-ав, пи-пи, да-да). Бұл «Бөбек тілі» деп аталады, өйткені бала «өзтілінде» сөйлейді.

Көп буынды «ауыр» сөздерде бала дыбыстардың немесе буындардың орындарын ауыстырады,

буындарды тастап кетеді, сөзді қысқартады. Мұндайды дыбыстың бұрмалануы 5-6 жасқа дейін сақталуы мүмкін. 1,5-2 жасқа дейін баланың белсенді сөздік қоры 25 дейін, ал кейбір балаларда 90 сөзгедейін көбейеді. Бала айта алатын сөздердің саны – баланың тіл дамуының

жеке көрсеткіші, ол бірнеше жағдайға байланысты — оның себептері әртүрлі болады:  баланың денсаулығына, ата-анасының «тілдік» белсенділігінен, баланың өз жеке қабілетіне байланысты болады.

2 жасында бала 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер айтады. Бұл кезде «Телеграфты сөйлеу» пайда болады, өйткені бала телеграммадағы сияқты, қажетті сөздерді пайдаланады, жалғауларды, үстеулерді, т.б. қолданбайды.

3 жасында баланың сөздік қоры 1000 сөзге жетеді. Бала өскен сайын ересек адамның айтқаның қайталай бастайды, еліктейді, сондықтан баланың көзінше байқап сөйлеп, өз сөзіне, айтқанына мұқият болу керек.

3 жасында кейбір балалар көп дыбыстарды дұрыс, анықайтады. Бірақ дыбыстардың алмасуы, қателері де кездеседі. Бұл жасқа сәйкес, түзелетін қателерге жататыны:

— ызың дауыссыздардың (ш,ж,ч,щ) айтпауы;

— р-дыбысының болмауы немесе басқа л,в,й дыбыстарға алмасуы;

— л-дыбысының кемістігі;

— к,г дыбыстарын т,д дыбыстарына ауыстыруы;

— ұяң дауыссыздарды қатаңға ауыстырып айтулары.

3 жастағы баланың дауыс аппараты қажетті болып қатаймай, кейбір балалар ақырын немесе керісінше өте қатты сөйлейді.

Жоғарыда айтылған тіл кемістіктері физиологиялық кемістіктерге жатады және бұлқалып, жасына сәйкес деп саналады. Бірақ кейбір балаларда тіл дамуының қалыптасуы дұрыс болмай, тежеушілік болады. Мұндайда баланы логопед маманына көрсетіп, кеңес алған дұрыс.

Баланың дұрыс тілдамуына келесі жұмыстарды жасаған қажет:

  1. Баламен үнемі сөйлесіп, оның жауаптарын тыңдау керек. Бала сөйлескенді, оны тыңдағанды ұнатады, қажет етеді.
  2. Бала не істегенін айтып отыру керек. Сюжеттік ойындар ойнатыңыз: «Дүкен», «Шаштараз», «Дәрігер», «Балабақша», «Жолда жүру ережелері» т.б.
  3. Серуенде әңгімелесіп, жаңа сөздерді бірнешерет қайталаңыз.
  4. Балаға айтқан сөздеріңіз анық болсын. Сөйлемдерді де анық, дұрыс айтыңыз. Өбектеп, ысылдап, оның айтқаның қайталамаңыз. Сіздің сөйлеуіңіз үлгі болатын болсын!

5.Кітаптағы суреттер арқылы әңгіме жүргізіңіз, баланың өзінен сұраңыз.

  1. Фотоальбомдағы суреттер бойынша әңгімелесіңіз.
  2. Жеңіл өлеңдерді жаттап, ритмге салыңыз, мәнерлеп айтқызыңыз.

Осындай жай түрдегі кеңестерге сүйеніп отырсаңыз, баланың ойлау қабілеті, тілі, жалпы дамуы жақсы болады, үлкен нәтижеге жетесіздер.