Топтар

Сұрасаң тобымыз,аты-Көжек
Басқа топқа  ұқсамаймыз заты бөлек
Үлкендерді тыңдаймыз,кішіге ізет
Бір-бірімізді қолдаймыз ,беріп көмек
 
 
Қонжық біздің тобымыз
Қорбаңдайтын жолымы
Мейірін төккен апайлар,
Ұмытпаймыз оны біз,
Енді есейген біздерге
Әр кез қорған болыңыз
 
 
Тобымыздың аты біздің "Құлыншақ"
Тәрбие алып, ойнаймыз біз қуыршақ
Әнде  жаттап, би де билей аламыз
Достармыз біз ажырамас арамыз
Бірге ас ішіп, бірге ойын ойнаймыз
Жамандыққа ешқешан біз бармаймыз
Ата анамыз аман болсын әрқашан
Болашақта самғасын біздің құлыншақ
 
Топтың аты "Балапан"
Балалары данышпан
Қолдауы мен апайдың
Боламыз үлкен арыстан!
Қызғалдақтай қыздар бар,
Қайсарлы жігер ұлдар бар
Қазаққа шығып атымыз
Балапан тобы жасаңдар!
 
Таудай биік талабы,
Талай топты жарамын.
Ұланымын бұл күні
-Ұлылар жүрген даланың.
Ырыс қонсын жеріме,
Тыныш болсын заманым!
Тәуелсіз елде туылған,
Мен -бақытты баламын
Алды болдым қатардың
Аталардан бата алдым.
Мен елімнің  еркесі.
Ботақан" тобы атандым.
 

Тобым менің Самұрық
Бөпе кезден ашылған
Балалары өнерлі
Жан-жақты олар дамыған
Ынтымағы жарасқан
Ата-анамен баланың
Ұлдары алып құстай
Қыздары маржан моншақтай
Бақшаларда бар ма екен?
“Самұрық “менің тобымдай
 
Тобым менің Айгөлек                     
Айдың жүзі дөңгелек                     
Айгөлек деп ән шырқа                       
Ел бөбегі, кел, бөбек                          
Өнер, білім, еңбекке                    
Жақын бала боламыз                  
Тұла бойы толған біз                    
Шебер бала боламыз
 
 
 
Ұйымшыл топ өздері,
Бірліктері жарасқан.
Шеттерінен әдемі,
Бұл ерке топ "Қошақан”