Ата-аналардың пікірлері

"54-Нұрай" балабақшасы Астана қаласының сол жағалауынан ашылған ең бірінші (2010 жылы) балабақша. Сол уақыттан бастап, тәрбиеші болып Бағдат Алдаберлыевна қызмет етеді. Осы 10 жылдың ішінде көптеген балаларды тәрбиелеп, мектеп әлеміне жол ашты. Менің үлкен қызым "Нұрай" балабақшасының Бағдат апайдың тобынан шыққан ең алғашқы түлектердің бірі. Мектебіміздегі бастауыш сыныбының мұғалімі қызымды балабақшадан қабілетті, білімді болып келгенін айтты. Оның бәрі Бағдат апайдың еңбегі деп бағалаймыз. Қазір кішкентай қызым Бағдат апайдың тобында тәрбие алып жүргеніне өте қуаныштымын. 
Құрметті Бағдат Алдаберлыевна, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Ата-аналар, тәрбиеленушілеріңіз еңбегіңізді бағалай жүрсін. Сізге зор денсаулық тілейміз!!!