Астана қаласы әкімдігінің «№54 «Нұр -Ай» балабақшасы» мемлекеттік   коммуналдық қазыналық кәсіпорын аңықтамасы

Астана қаласы әкімдігінің «№54 «Нұр -Ай» балабақшасы» мемлекеттік   коммуналдық қазыналық кәсіпорын аңықтамасы

Мектепке дейінгі ұйымның атауы – № 54 «Нұр -Ай»   балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Заңды мекен - жайы – 010000, Қазақстан  Республикасы,  Нұр -Сұлтан  қаласы  Есіл  ауданы,   Алматы 6.

Телефон – 8(7172) 49 - 61 - 11

Факс –  8 (7172) 49 - 61 - 11

Электронды пошта – nurai-54@mail.ru

Меңгеруші – Бакитова Малика Бақытқызы

Құрылған жылы – 27 қыркүйек  2010 жыл

Типтік ғимарат – 2 қабатты

Топтар саны – 12

Шағын орталық – 4

Түрі: мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру

Жұмыс тәртібі: 7.30-18.00

 Балаларды оқыту тілі –  мемлекеттік тіл.

Жұмыс аптасының ұзақтығы  – 5 күн

Балабақшаның  жұмыс  уақыты: 07.30 – 1800

Негізгі мақсаты: мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу саласындағы қызметті жүзеге асыру

Мектепке дейінгі мекеменің негізгі міндеттері:

  • Бала өмірін және денсаулығын қорғау;
  • Тәрбиеленушілердің,  оның ішінде  ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық  дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
  • Сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
  • Баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету  үшін  отбасымен өзара іс –қимыл жасау;
  • Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу,   оқыту,  дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету.

  Балабақша ғимараты екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта құм терапия, Воскобовичтің дамытушы ойындары, интеллектум, мультстудия, психолог кабинеттері,  асхана, бассейн, және  кір жуу орны,  кіші,  ортаңғы,   топтары орналасқан. Асхана, кір жуу бөлмесі керекті құрал - жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

 Балабақшада балаларға салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортты насихаттау мақсатында  шынықтыру-сауықтару базасы – бассейн, спорттық зал, спорттық алаңдар замануи спорттық құрал-жабдықтармен жасақталған.

Сонымен қатар,тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері, психикалық-физиологиялық ерекшіліктеріне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес:

- құм терапиясы;

  • футбол;
  • интеллектум;
  • робототехника;
  • каратэ;
  • вокал;
  • би үйірмесі;
  • ағылшын тілі;

аквааэробика қосымша қызметтері көрсетіледі.